Қазақстанда биыл өнеркәсіптің түрлі салаларында жалпы құны 273 млрд теңге болатын 64 жоба жүзеге асырылады. Нәтижесінде 12 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Еліміздің Премьер-Министрінің орынбасары - Тамара Дүйсенованың мәлімдеуінше, келер жылыда бұл жұмыс жалғасып осындай 800 инвестициялық жобаны іске қосу көзделіп отыр. Есесіне тағы жаңа жұмыс орындары құрылады. Елдің шағын және орта бизнесіде мемлекеттің қолдауын сезінеді. Қазір үкіметте кәсіпкерлерді қолдау және дамыту үшін кешенді бағдарлама әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда осы бағытта «таза парақтан реттеу» қағидаты сыналуда. Бір жарым жыл ішінде 44 сала бойынша 128 мың талап сарапталды. Нәтижесінде оның 9 мыңы жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейтіні анықталған. Сондай-ақ, таяу арада кәсіпкерлер үшін салық органдары алдында есеп беру үрдісі едәуір жеңілдемек. Осы тұрғыда барлық есептерді шамамен 30% қысқарту көзделуде. Сонымен қатар бақылау және қадағалау салаларында тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру ісі бизнесті жоспарлы түрде тексеруді 2 есе азайтуға мүмкіндік береді.