Президент елдің әл-ауқатын жақсартуды көздейтін экономикалық өзгерістерге баса назар аударды – Қарин

Президент Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен басым бағыттар мемлекеттік саясаттың назарын осы міндеттерді шешуге аударған. Бұл туралы еліміздің Мемлекеттік кеңесшісі әлеуметтік желідегі парақшасында атап өтті. 

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесші:

– Жолдауда жүзге жуық түрлі бастамалар, ұсыныстар және тапсырмалар бар. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамсыз ету сияқты басымдықтарды айрықша атап өтеуге болады. Жалпы, Жолдау көптеген күнделікті міндеттерді шешу және елді дамытудың стратегиялық мақсаттарына жету жолдарына арналды.