Мемлекет
басшысына Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша
жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде Туризм және спорт министрі есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамытудың жаңа
тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар Ермек Маржықпаев министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық
базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде мәлімдеді.
Кездесу соңында президент бейінді ведомствоға аталған бағыттар бойынша нақты
міндеттер жүктеді.