Қазақстан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынады. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилимен Нұр-Сұлтандағы кездесу барысында айтты. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық саладағы мәселелерді талқылады. Өз кезегінде Грузия Министрлер кабинетінің басшысы бірінші жартыжылдықта екі ел арасындағы тауар айналымы 150% өскенін атап өтті. Ол ресми Тбилиси Қазақстанмен барлық сала бойынша қарым-қатынасты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.