Қазақстанда инфляция тұрақты түрде төмендеп келеді. Мәселен өткен мамыр айында оның деңгейі 8%-дан астамға баяулаған. Бұл оң үрдістің былтырдың ақпан айынан бастап қарқын алғанын айта кету керек. Сол кездегі 21,3% – ең жоғарғы мәнінен жыл соңында 9,8% дейін төмендегені тіркелді. Яғни, екі есеге түскен. Бұл тың деректер Ұлттық банк төрағасының сенаттағы есебінде келтірілді.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банк төрағасы:
– Инфляциялық процестердің тұрақтануы бізге өткен жылы базалық мөлшерлемені 16,75%-дан 15,75%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы жылы біз мөлшерлемені 14,5%-ға дейін төмендеттік. Өз жағымыздан инфляция бойынша 5% орта мерзімді мақсатқа жету үшін дизинфляциялық ақша-кредит саясатын жалғастырамыз.
Инфляцияның халықтың әл-ауқатына тікелей әсер ететіні белгілі. Сондықтан жоғары аудиторлық Палата төрағасы депуттаттарға азаматтардың өмір сүру сапасының бірыңғай ұлттық стандарттары индексін енгізуді ұсынды.
Әлихан Смайыловтың пікірінше, жаңа тетік қазақстандықтарды әлеуметтік қолдауға бағытталған мемлекеттік бюджеттің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.