Қостанай өңіріне бір жылда 500 млрд теңге инвестиция тартылды

Қостанай өңіріне бір жылда 500 млрд теңге инвестиция тартылды

Бүгінде Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің 150-ге тарта нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың жалпы қуаты шамамен 3 мың МВт құрайды. Елде әліде жасыл энергетиканың жаңа нысандары бой түзейді. Бұл бағытта алған қарқын жоғары.  Мәселен келер жылы Қостанай өңірінде ғана оның төртеуін тапсыру жоспарланған. Олар күн, газ және екі жел станцалары. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов бұл нысандарды іске қосу аймақтың энергияға тәуелділігін қысқартуға мүмкіндік беретінін алға тартады. Бүгінгі таңда облыс өндірілетін электр энергиясынан 4 есе көп тұтынады.

Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:

- Ағымдағы жылдың қазан айында жалпы қуаты 1 ГВт болатын 165 жел электр станциясын салу туралы меморандумға қол қойылды. Бұл Қостанай облысына тиесілі Рудный қаласының ауданы. Бұл өте үлкен жоба. Аталған жобаларды іске асырудың арқасында облыста өз электр энергиясын өндіру 10 есе өседі. Біз қазір 0,12 ГВт өндіріп жатырмыз, алда ол 1,27 ГВт-қа дейін өсіп, облыстың қажеттілігін толық көлемде жабады.

Электр энергиясының көлемін арттыру өңір үшін аса маңызды. Оның үстіне облыс еліміздегі темір тұлпар жинау орталығына айналуға ниетті. Мәселен тек көлік өнеркәсібінде биыл  4 жоба жүзеге асады. Атап айтсақ, «HONGQI» және «SKODA» автокөліктерін құрастыру және «Chevrolet Оnix» шағын тораптық өндірісі жолға қойылмақ. Сондай-ақ, бояу цехы ашылды. Сонымен қатар, қазір өңірде Кореямен бірлескен ірі жоба қолға алынған. Алғашқы КИА автокөлігі келесі жылдың жазында жаңа зауыттың конвейерінен шығады. Бұдан басқа, автоқұрамдауыштар мен шанақ бөлшектерін шығаратын кәсіпорын құрылысы басталды. Жалпы өткен 11 айдың  қорытындысы бойынша Қостанай өңірінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Тек өнеркәсіп көлемі 2 жарым трлн теңгеден асты.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?