Еліміздің аумағындағы 1 800-ге тарта гидротехникалық құрылыстың 1 300-ден астамы тексерілді. Нәтижесінде үштен біріне жөндеу және жаңғырту қажет екені анықталды. Еліміздің экология және табиғи ресурстар министрі гидро-метеорологиялық жағдай мен су тасқынына дайындық жөнінде Мемлекет басшысына есеп берді. Зүлфия Сүлейменова жуық арада Абай және Шығыс Қазақстан өңірлерінің қауырт маусымға әзірлігі тексерілетінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, орталық және жергілікті атқарушы органдардың көктемгі топан суға қарсы күресте бірлесе жұмыс жүргізуі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ, барлық гидротехникалық құрылысты құжаттау және түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтау қажет екенін айтты.
Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Мемлекет басшысының бүгінгі қабылдауында елімізде қалыптасып жатқан гидрометеорологиялық жағдай, республикалық меншіктегі гидротехникалық құрылыстардың су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы тиісті ақпарат бердім. Сонымен қатар, министрліктің 2023 жылға арналған жоспарлары туралы хабардар еттім.