Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік
Кеңесінің отырысы өтті. Үкімет мүшелері ғарыш саласының қазіргі жай-күйі, іске
асырылып жатқан жобалар және даму перспективасы туралы баяндады. Мемлекет
басшысы саланың стратегиялық мәнін атап өтіп, спутниктік байланыс пен ғарыш
инфрақұрылымының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Қасым-Жомарт
Тоқаевтың айтуынша, жаһандық ғарыш секторы түбегейлі өзгерді. Бұл сала тек ірі
державалардың «жабық клубына» тиесілі болған дәуір артта қалды. Бүгінде жеке
компаниялар байланысы, хабар тарату, навигация, ғарыш мониторингі, ғылыми
зерттеулер және интернетпен қамтамасыз ету секілді қолданбалы бағыттарды
белсенді түрде дамытып келеді. Бұдан бөлек, ғарышты игеру ғылымын ілгерілету
мәселелері қаралды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы саланың халықаралық
ынтымақтастық перспективасына тоқталды. Президент Үкіметке ғарыш саласын
жаңғыртуды және оның әлеуетін мемлекет мүддесіне тиімді пайдалануды көздейтін
бірқатар нақты тапсырма берді.

