Қазақстан Орта Азия мен ТМД елдері арасында ЖІӨ өсімі бойынша көш басында

Қазақстан Орта Азия мен ТМД елдері арасында ЖІӨ өсімі бойынша көш басында

Қазақстан Жалпы Ішкі Өнім көрсеткіштерінің өсімі бойынша Орта Азия мен ТМД елдернің арасында көш басында. Атап айтқанда, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь, Грузия, Армения мен Молдова көрсеткіштерінен басым. Finprom.kz хабарлағандай, Халықаралық Валюта Қорының болжамы бойынша 2028 жылға қарай ел экономикасындағы өсім 355 млрд долларға дейін жетеді. Ол биылмен салыстырғанда 37% артық. Ал, 2023 жылға келер болсақ, Жалпы Ішкі Өнім 259 млрд долларға жету керек. Ол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 15% көп. Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдында үлкен тапсырма қойды. Оған сәйкес Қазақстан экономикасының көлемі 2029 жылға дейін екі еселеніп, Жалпы Ішкі Өнім 450 млрд долларға дейін жету керек. Дегенмен, бұл тек жылдық экономикалық өсім деңгейін 6% жеткізгенде ғана мүмкін болады. Оның ішінде стратегиялық бұл мақсатқа жету жолында қайта өңдеу өнеркәсібіне ерекше назар аударылуда. Естеріңізге сала кетсек, биыл шикізаттық емес секторда 290 жобаны іске қосу жоспарланған.