Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

Мемлекет басшысы Чехияның Сыртқы істер министрі Ян Липавскийді қабылдады

Қазақстан Еуропа Одағындағы маңызды серіктестерінің бірі саналатын Чехиямен тығыз ықпалдастық жасауға бейіл. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Чехияның Сыртқы істер министрімен кездесуінде мәлімдеді. Мемлекет басшысы екі елдің сауда және инвестициялық байланыстарын одан әрі дамытуға мол мүмкіндік бар екеніне назар аударып, еліміз чех инвесторларына алдағы уақытта да қолдау білдіруге дайын екенін айтты. Өз кезегінде Ян Липавский қарқынды экономикалық байланыстар қазақ-чех ынтымақтастығының негізі саналатынына назар аудара келе, өнеркәсіп, «жасыл» даму талаптарына көшу және энергетика салаларын бірлескен жұмыстың басым бағыттары ретінде атап өтті. Сондай-ақ, ол Чехия Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевты Прагаға ресми сапармен келуге шақырғанын жеткізді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?