Қазақстанның авиациялық сала мамандары әуе кемелеріне
жасалатын кибер және лазерлік шабуылдарға төтеп беруге машықталады. Заманауи
қатерлерден тиімді қорғану тәсілдері жайында олармен тәжірибелі еуропалық
әріптестері бөліседі. Осыған қатысты шетелдік сарапшылардың тың ұсыныстары
Еуропалық азаматтық авиация конференциясы ұйымдастырған арнайы семинар
барысында айтылды. Қазақстан халықаралық ұйыммен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Сондай-ақ,
елордада бас қосқан Франция, Ұлыбритания, Португалия, Украина, Грузия,
Болгария, Испания, Орталық Азия елдері және жергілікті сала өкілдері әуе арқылы
өзара жолаушылар ағынын арттыру және жүк тасымалы әлеуетін талқылады. Бұл ретте
Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы әуе қатынасын кеңейтуге басымдық
берілді.
Йоханес Баур, Еурополық
Одақтың Қазақстандағы өкілдігі кооперациясының басшысы:
- Қазақстан мен
Еуропалық Одақ арасындағы коммерциялық жүк тасымалының дамуы екі жақты
экономикалық қарым-қатынастың әлеуетін арттыруға тікелей байланысты. Соңғы
уақытта осы бағыттағы әріптестік қарқын ала түскені байқалады. Әсіресе тараптар
арасында сауда жақсы жүріп жатыр. Бұл көрсеткіштер одан әрі өсетініне
сенімдіміз. Ол үшін ең алдымен әуе қатынасын жетілдіру керек. Сонда ғана осы
сала бойынша жаңа мүмкіндіктер ашылады.
Жолаушылар үшін тиімді тарифтер енгізу үшін әуе бағыттарында бәсекелестік болу
керек. Бұл жүк тасымалынада тікелей қатысты.