Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

Бүгін Ақордада Alatau City жобасын жүзеге асыру мәселесі талқыланды. Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасын қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вонг Хэн Файн Алатау қаласын тиімді дамыту жөнінде пікір алмасты. Қаланың бас жоспары биыл мамыр айында қабылданды. Президент осы тектес жобаларды жүзеге асыруда Вонг Хэн Файнның мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондықтан оның бас консультант ретінде берген ұсынымдары халықаралық бизнес-хабқа айналуды көздейтін жаңа қаланы жобалау және салу ісінде нақты нәтижеге ұласатынына сенім білдірді.