Қазақстанда биылдың алғашқы жарты жылдығында құны 151 млрд теңге болатын 18 ірі инвестициялық жоба іске қосылды. Жалпы, ел экономикасы жоғары қарқынмен өсіп келеді. Оның ішінде ақпарат пен байланыс, құрылыс пен көлік салаларының жетістігі орасан зор. Металлургия мен машина құрастыру салаларының өсу динамикасы жоғары болғандықтан, өңдеу өнеркәсібінің де қарқыны қарымды. Экономиканы дамыту жолында инфляцияны төмендетуге көп көңіл бөлінуде. Былтырмен салыстырғанда, 8,4%-ға түскенін айта кеткен жөн. Бұл отандық өндірушілерге көрсетілген қолдау мен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуының арқасында мүмкін болды. Экономикалық өсімге іскерлік белсенділікті ынталандыру мен агроөнеркәсіптік кешенді жаңғырту шаралары да өз септігін тигізді.