Қазақстан баламалы бағыттар бойынша мұнайды экспортқа жөнелту мүмкіндіктері пысықтауда. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесіне зақым келуіне байланысты қазіргі уақытта Энергетика министрлігі теңіз терминалының жұмысын қалпына келтіру мерзімдері бойынша консультациялар өткізуде.
Николай Горбань, КҚК бас директор:
- Бұл – аса күрделі жұмыс. Оған сүңгуірлер, көпфункционалды кеме қажет. Бұл – құбырды жууға арналған танкер. Онсыз жұмысты бастау мүмкін емес. Бұл мәселеге қатысты әріптестерімізден әзірге нақты жауап жоқ. Алдағы екі тәулікте танкер күтіп отырған жоқпыз. Жалпы жүргізілетін жұмысқа кем дегенде үш апта уақыт кетеді.
Еске салсақ, Каспий құбыр консорциумының құбыр жүйесі қазақстандық мұнай экспортының басты бағыты болып табылады. Онымен айдалатын «қара алтынның» 80% – отандық шикізат.