Қазақстан мен
Сербия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы бір жарым есеге
өсіп, 4 миллион долларға жетті. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы
осындай. Біздің еліміз астық, балық, ет және сүт өнімдерінің экспортын
арттыруға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеуде бірлескен жобаларды
іске асыруға дайын. ЕО тізіліміне балық өнімдерін экспорттайтын 20 отандық
кәсіпорын енді, ал төрт ірі өндіруші бал жеткізуді бастауға дайын. Алматыда
өткен Үкіметаралық комиссияның төртінші отырысында Қазақстан вице-премьері - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Сербия Үкіметі төрағасының
орынбасары, ішкі істер министрі Ивица Дачич өзара іс-қимылының даму бағыттарын
талқылады. Тараптар биыл Астана-Белград тікелей әуе қатынасын іске қосу мен
туризмді дамытуға ерекше назар аударды.
Ивиц Дачич, Сербия
Үкіметі төрағасының орынбасары, Ішкі істер министрі:
– Біз Қазақстанды
дос ел ретінде қарастырамыз және біздің көзқарасымыз тек саяси қатынастарда
ғана емес, сауда-экономикалық қатынастар саласында да табысты болғанын
қалаймыз. Біз елімізді және Қазақстанды байланыстыратын әуе рейсін ашу,
сондай-ақ туризм, білім беру, денсаулық сақтау, АӨК салаларында белсенді жұмыс атқарудамыз.

