Мемлекет басшысы әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерімен кездесті

Президент Уолтер Эдуард Денди атындағы нейрохирургия қоғамдастығының дүниежүзілік Х конгресіне қатысу үшін Астанаға келген әлемдік нейрохирургия саласының өкілдерін қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мұндай форумның Қазақстанда өтуі отандық нейрохирургия жетістіктерінің кеңінен мойындалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, Конгресс нейрохирургия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға зор үлес қосып, озық тәжірибе мен технология алмасуға ықпал ететініне сенім білдірді. Президент еліміз нейрохирургияда жасанды интеллектіні қолдануға айрықша мән беретініне назар аударды. Цифрлы және роботты технологиялардың арқасында отандық нейрохирургия саласы өркендеп келеді. Мемлекет басшысы кездесуге қатысушылардың әлемдік медицинаны дамытуға қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтті. Өз кезегінде кездесуге қатысушылар Қазақстандағы нейрохирургияны дамыту мүмкіндіктерін жоғары бағалап, маман даярлау және озық технологиямен алмасу тұрғысынан қолдау білдіруге уағдаласты.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?