Астанада Орталық Азияның жас логистер форумы өтті

Астанада Орталық Азияның жас логистер форумы өтті

«Жасыл логистика және логистикадағы цифрландыру». Қазақстанда Орталық Азия елдерінің студенттері осы тақырыпта өз жобаларын қорғады. Мақсат жас мамандардың жаңа идеяларын қолдап, өңірдің көлік тасымалының дамуына тың серпін беру. Екі тур қорытындысы бойынша Maqsut Narikbayev University жеңіске жетті. Сондай-ақ Қазақ-Неміс Университеті мен Қырғыз Мемлекеттік Техникалық Университеті үздік үштікке ілікті.

Бегімай Мамаева, Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы:

- Қырғызстанда логистика жақсы дамып келеді. Біз өз тақырыбымыз – гидродөңгелекті әкелдік. Бұл жаңа инновация. Өте қажетті құрал. Біздің логистикалық бөлімше жаңа ғана ашылды.

Байқау Next Generation Youth Forum 2026 жас логистер форумы аясында өтті. Ол Қазақстан алаңында осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Дәстүрлі шараға еліміз бен Орталық Азия мемлекеттерінен 100 астам үздік студенттер мен сала мамандары жинады. Форум аясында студенттер арасындағы стартап жобалар таныстырылымымен қатар сарапшылармен панельдік сессиялар өтті.

Нұрлан Игембаев, CILT Central Asia президенті:

- Институт Орталық Азияға озық стандарттарды әкеліп,  олар бойынша білім беріп, академиялық бағдарламаға кіріктіріп келеді. Мұның нәтижесінде біздің мамандарымыз қазірдің өзінде әлемдік аренада сұранысқа ие болып отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?