Қазақстанда дене шынықтыру сабағында ұлттық спорт түрлері оқытылатын болады. Жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын ұлттық спорт түрлерінің тізбесін Мәдениет министрлігі бекітеді. Бұл жаңашылдық Мәжілістің жалпы отырысында мақұлданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қарастырылған. Құжат балалар мен жасөспірімдерді спортқа мейлінше тартуды көздейді. Бұл үшін 2025 жылға дейін 300-ден астам клуб ашу жоспарланып отыр.
АҚТОТЫ РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:
- Барлық жас санаттары арасында дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың қамтуын 45 пайызға дейін ұлғайту, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғылықты жері бойынша бұқаралық спортты дамыту жөнінде халықпен жұмысты ұйымдастыру, спортшыларды медициналық бақылау үшін жағдай жасау.
Сонымен қатар министр алдағы уақытта жергілікті атқарушы биліктің құзыреттілігі кеңейтілетінін атап айтты. Бұр ретте кімдіктер халық үшін спорт үйірмелері мен секцияларын, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубтарын ұйымдастыруы қажет. Одан бөлек, спорттық нысандардың қолжетімдігін арттырып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалмақ. Тұрғын үй кешендерін салу кезінде мүмкіндігі шектеулі топтардың қолжетімділігін ескере отырып, спорт алаңдарымен қамтамасыз ету қажеттігі қарастырылды.Айта кетейік, биыл дене шынықтыру және спорт саласына түрлі қаржы көздерінен 10 млрд теңге бөлінген. Қазір Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің 107 клубы және 579 балалар спорт клубы бар.
Авторы: Ақзер Сегізбай