Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының алау жағу эстафетасы 2 ақпанда бастау алады. Алау жаһандық тартыстар өтетін 12 және әлемдік жарыс алаңының 3 негізгі кластерін аралайды. Бұл – аспанасты елінің астанасы, Яньцин уезі және Хэбэй провинциясында орналасқан Чжэнчжоу қаласы. Халықаралық ойындардың нышанын 50 алаушы алып өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, төрткүл дүние ойындарының алауы Қытайға Афиныдан 20 қазанда жеткізілді. Пандемияға байланысты спорттық бәйге шетелдік көрермендердің қатысуынсыз өтеді, яғни елдің жергілікті тұрғындары ғана тамашалай алады. Ал ойындардың өзі 4 ақпанда басталып, 20 ақпанға дейін жалғасады.