Қазақстан елордасы «Еуропа-Азия» бейбітшілік пен келісім шеруінің бастапқы нүктесі болады. Делегация ағымдағы жылдың 3 шілдесінде жолға шығады. Алғашқы бағыт төрт елдің аумағында өтеді. Олар Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Грузия. Келесі бөлігі АҚШ аумағын қамтиды, үшіншісі Алматыда басталып, Үндістанның Джаганапура қаласында аяқталады. Онда әр елдің ту шеруі жоспарланған және дінаралық диалогтың жаңа тұжырымдамасы ұсынылады. Қазақстаннан 30 адам шеруге қатысады.
Айта кетейік, биыл бейбітшілік және келісім маршы 16-шы рет өтеді.
Руслан Абдуллин, Халықаралық бейбітшілік және келісім марштарының атқарушы директоры:
- Әр қаладан 10 мың адам осы халықтық мерекеге қатысады деп ойлаймыз. Ақпараттық іс-шараны бастап та кеттік. Сондай-ақ достық керуенін дайындаймыз. Бейбітшілік пен келісім керуеніне әр қаладан өз автокөлігімен жүретін кез келген адам қатыса алады. Бұл ұлттар арасындағы берік қатынасты көрсетеді деп сенемін.