Түркияда саяхатшылар электрондық сауалнама толтыруға міндеттелді

Түркияда саяхатшылар электрондық сауалнама толтыруға міндеттелді

Түркияда республикаға келген барлық жолаушыдан денсаулық кодын (HES code) алу үшін электрондық сауалнама толтырту туралы талабы күшіне енді. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады. Құжатты Түркияға баруға 72 сағат қалғанда елдің Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында толтыруға болады.

Сауалнамада саяхатшылар өздерінің жеке деректерін және Түркияда тұратын мекенжайын көрсетеді. Түркия Денсаулық сақтау министрлігі бұл кодтың көмегімен саяхатшылардың коронавируспен ауырған науқастармен байланыста болғаны анықталса, олармен байланыс орнату оңай болатынын айтқан.

Қазіргі уақытта HES-кодын Түркияның тұрақты тұрғындары қолданады.