Мәжіліс жаңа су кодексінің жобасын қабылдады

Мәжіліс жаңа су кодексінің жобасын қабылдады

Мәжіліс жаңа Су кодексін және су ресурстарын қорғау мен пайдалану мәселелері жөніндегі тиісті заң жобасын екінші оқылымда қабылдады. Кодекс жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген. Құжаттың негізгі мақсаты – су ресурстарын басқару тәсілдерін өзгерту. Яғни, елде гидротехникалық құрылыстарды тұрақты түрде бақылау және қызмет көрсету талаптары енгізіледі. Сонымен қатар, су ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру көзделуде. Ол нақты уақыт режимінде жағдайды қадағалауға, су тасқыны мен құрғақшылықты болжауға мүмкіндік береді. Жалпы, кодексте алғаш рет «су қауіпсіздігі», «экологиялық ағыс» сияқты ұғымдар енгізіліп, су нысандарын қорғау талаптары кеңейтілді. Бұл ең алдымен, кіші өзендер мен көлдерге қатысты. Бұдан бөлек, азаматтар су ресурстары туралы ақпаратқа қол жеткізе алады. Жыл сайын Ұлттық ақпараттық есепте елдегі су қорларының жағдайы, олардың сақталуы және пайдаланылуы туралы деректер жарияланып отырады.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?