Мемлекеттік
кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын қарастырды. Құжат елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың жалғасы,
қоғамда жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыруға және халықтың әл-ауқатын
арттыруға бағытталған. Мемлекеттік кеңесші сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл бойынша тиімді шаралар мен тәжірибелерді одан әрі енгізу керектігін және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге
нақты
әсері туралы объективті деректерді қадағалау және ГРЕКО-мен сындарлы
ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілетінін айтты.