Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан
импортталатын тауарларға 25 пайыздық баж салығын салу туралы хатына жауап
жолдады. Мемлекет басшысы Қазақстанның Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе
жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және
өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті. Қазақстан
Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында
еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін айтып, сауда
проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

