Қазақстанда қосылған құн салығы 16%, ал оның салынатын айналымының төменгі шегі 40 млн теңге мөлшерінде белгіленуі мүмкін. Мәжіліс осыны көздейтін Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжатты депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі таныстырды. Серік Жұманғарин жаңа редакцияда жеке табыс салығы кіріс көлеміне қарай белгіленетіндігін жеткізді. Сондай-ақ, салық есебін тапсыратындар саны 30% қысқаратынын айтты. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару мен археология қосымша құн салығынан басатылады. Бұл реформа агроөндірістік салаға айтарлықтай өзгеріс әкеле қоймайды. Құжат аясында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін 70% жеңілдікті қалдыру ұсынылып отыр. Жаңа кодексте жеке кәсіп дөңгелету үшін де оңтайлы жағдайлар қарастырылған.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы:
- Қосымша құн салығының шекті мөлшері бойынша ортақ мәмлеге келдік. Бұл үлкен мәселе. Бұл қоғамды алаңдатқан бүгінгі күндегі ең өзекті мәселе. Әркім өз кірісіне сай салық төлейді деген біз шешімге келіп отырмыз. Сауда-саттықпен, қызмет көрсетумен айналысатын, тауар өндіретін шағын және орта бизнес үшін арнайы салық режимі жұмыс істейтін болады. Бір сөзбен, ол туралыда жаңа тепутаттар айтты, қарапайым халықтың қалтасына салмақ түспейді. Жаңа салық саясатының көздегені де осы болатын.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

