«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына жыл сайын қаражат бөледі

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына жыл сайын қаражат бөледі

Бүгін қаражат беру тәртібін реттейтін тиісті ережелер Үкімет қаулысымен бекітілді. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Қаулыға сәйкес «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аударылған қаражатты белгіленген мақсатқа бағыттауға тиіс.

Айта кету керек, бүгінде қор алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Оның ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету салалары бар.