АХҚО арқылы Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды

АХҚО арқылы Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды

Астана Халықаралық Қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 12 миллиард доллардан астам инвестиция тартылды. Биылғы жылдың алғашқы алты айында Орталыққа 500-ден астам компания қосылып, қатысушылардың жалпы саны 3 мыңға дейін артқан.

Бұл туралы Мемлекет басшысына «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы мәлімдеді. Ренат Бектұровтың айтуынша, Қаржы орталығы құрылған сәттен бастап оның қатысушылары бюджетке 115 миллиард теңге салық төледі. Оның 30 миллиард теңгеге жуығы осы жылдың бірінші жартыжылдығында түскен.

Сондай-ақ, Ренат Бектұров биыл 5-6 қыркүйекте болатын дәстүрлі Astana Finance Days 2024 шарасына дайындық барысын баяндады. Президент Қаржы орталығын одан әрі дамыту бағытында бірқатар міндет жүктеді.