Қазақстан Аустрияның Орталық Азиядағы басты экономикалық серіктесі болып қала береді. Венаның бүкіл өңірмен тауар айналымының 80%-дан астамы Біздің еліміздің үлесіне тиесілі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Аустрия еуропалық және халықаралық істер федералдық министрі Беате Майнль-Райзингер мен Аустрия ішкі істер федералдық министрі Герхард Карнермен кездесуінде белгілі болды. Мемлекет басшысы Вена Астана үшін сенімді әрі стратегиялық серіктес болып қала беретінін атап өтті. Аустриялық инвесторлар Қазақстан экономикасына 3 миллиард доллардан астам қаржы салған. 1 мамырдан бастап күшіне енген дипломатиялық паспорт иелері үшін визасыз режим туралы және реадмиссия туралы келісімдер де өзара іс-қимылға қосымша серпін береді. Өз кезегінде аустриялық тарап Қазақстанды өңірдегі негізгі серіктес деп атап, тек экономикада ғана емес, сондай-ақ көші-қон, қауіпсіздік және халықаралық саясат мәселелеріндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

