Мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымына қатысты келісімге енгізілген өзгерістерді қабылдады

Мәжіліс Түркі мемлекеттері ұйымына қатысты келісімге енгізілген өзгерістерді қабылдады

Қазақстан Мәжілісі Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін Түркі мемлекеттері ұйымы деп өзгертуді құп көрді. Естеріңізге сала кетейік, шешім 2021 жылы қабылданды, ал 2022 жылы оған Мемлекет басшылары қол қойды. Халықаралық ұйым құру оның мәртебесін арттыруға және қатысушы елдердің арасындағы әріптестікті кеңейтуге бағытталған. Бұдан басқа, толықтырулар Хатшылықтың құжаттарын бекiту функциясын - Сыртқы iстер министрлерiнiң кеңесiне, ал түпкiлiктi шешiм қабылдау - Мемлекет басшыларының кеңесiне беріледі. Сондай-ақ, Түркітілдес мемлекеттердің Ақсақалдар кеңесі туралы ережені Сыртқы істер министрлері кеңесі енді «бекітпейді», «мақұлдайды».

Әлібек Бақаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:


- Қазақстан тарапынан бұл құрамға Икрам Адырбеков кіреді. Әр мемлекет бұл кеңесте кімнің жұмыс істейтінін өзі тағайындайды, өз өкілдерін. Бұл кеңестің басты мақсаты - мемлекет басшыларына және жалпы ұйымдарға тәжірибелік жағынан кеңес беру.


Сондай-ақ Мәжіліс Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы заңды қабылдап, Сенат қарауына жіберді. Құжат киелі шаһарды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде қалыптастыру үшін құқықтық жағдайлар жасауға бағытталған.


Авторы: Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?