Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің әлемдік ішкі жалпы өнімдегі үлесі
3,1 пайызға жетті.
Бұл туралы Қазақстан Президенті
ұйымға
мүше мемлекеттердің
Орталық банктері кеңесінің бірінші отырысында айтты. Елдердің халықаралық
резервтері өсіп келеді. Бұл
аймақтың макроэкономикалық орнықтылығының артқанын көрсетеді. Президент жуырда
Мажарстанда өткен бейресми саммитте мемлекет басшылары ынтымақтастықты
тереңдетудің маңызын растағанын атап өтті. Тариф саясатының өзгеруі салдарынан жаһандық экономиканың
трансформациясы кезінде
мұның мәні арта түсті. Мемлекет басшысы орталық банктер арасындағы диалогтың
кеңеюі түркі елдерінің экономикалық әлеуетін іске асыру үшін берік негіз қалайтынына
сенім білдірді. Президент кеңестің
күн тәртібіне қаржы технологияларын
дамытуға қатысты өзекті тақырыптар енгізілгенін айтты. Қазақстан бұл салада
айтарлықтай жетістікке жетті. Біздің Ұлттық банк аймақта бірінші болып цифрлық
теңгені енгізді.

