Қасым-Жомарт
Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты
қабылдады. Президентке комиссия қызметінің басым
бағыттар жөнінде баяндалды.
Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі және оның
одан әрі даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ, Төраға 26
желтоқсанда Санкт-Петербургте өтетін
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына
дайындық туралы айтты.
Әсел Күшенғалиева

