Мәжіліс Еуразиялық топ туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы қабылдады

Мәжіліс Еуразиялық топ туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы қабылдады

Мәжіліс депутаттары қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топ туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы қабылдады. Аталған құжатта бірлестіктің мақсаттары мен міндеттері нақтыланып, бюджетін қалыптастыру және орындау тәртібі өзгертілді. Сондай-ақ, келісімде жаңа ұғымдар пайда болды. Енді қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың мүшелері жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға да қарсы күресетін болады. Оның құрамына Қазақстан, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Үндістан кіреді.

Жеңіс Елемесов,  ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары:

- Хаттама мен келісімнің мәтіні «жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру» деген сөздермен толықтырылды. Сонымен қатар, хаттамада көзделген өзге де өзгерістер мынадай мәселелерге қатысты: Хаттамада Еуразиялық топ бюджетін қалыптастыру көздері кеңейтілді. Сондай-ақ, басқа да техникалық түзетулер енгізілді. Қазіргі жағдай бойынша Еуразиялық топқа мүше тоғыз мемлекеттің жетеуі осы хаттаманы ратификациялады. Осы уақытта Қазақстан мен ҚХР құжатты ратификациялау бойынша ішкі мемлекеттік рәсімдерін жүргізіп жатыр.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?