Мәжіліс цифрлық кодекс жобасын мақұлдады

Мәжіліс цифрлық кодекс жобасын мақұлдады

Қазақстанда жеке тұлғаны растау жүйесі күшейтіліп, саусақ ізі, бет бейне және дауыс сынды биометриялық тәсілдер заң жүзінде қолданылмақ. Ел Мәжілісі жаңа цифрлық кодекс пен ілеспе заң жобаларын бірінші оқылымда мақұлдады. Ол ЭЦҚ құқықтық мәртебесін электронды үлгіде қол қоюдың жалғыз тәсілі деп бекітеді. Бұндай құжаттар қағаз нұсқасымен теңестіріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік базалардан жүктелетін цифрлық құжаттар тек көрсетілген сәтте тұпнұсқа болып саналады. Ал ресми дереккөздерден алынған заңды мәні бар ақпараттар цифрлық мәліметтер санатына жатқызылады. Кодекс жобасы кез келген мемлекеттік немесе ірі цифрлық жүйенің жұмыс сапасын қадағалалап отыруды көздейді. Функционалдық аудит - цифрлық жүйенің мақсатына қаншалықты сай жұмыс істеп тұрғанын тексереді. Киберқауіпсіздік аудиті -жүйенің хакерлер шабуылына төзімділігін, деректердің қорғалуын сынайды. Ал реттеуші аудит - жүйедегі үрдістердің Цифрлық кодекс талаптарына сәйкестігін қарайды. Бұл жүйе цифрлық мемлекетті ашық, бақыланатын және қоғамға есеп беретін етеді.

Екатерина Смышляева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Заңнамаға «цифрлық делдал» ұғымы да енгізіледі. Яғни, еңбек платформалары, маркетплейстер, қызмет агрегаторлары, әкімшілік цифрлық сервистердің жұмыс тәртібін нақты белгілеуге жол ашады. «Цифрлық дәлелдер» ұғымы алғаш рет енгізіліп отыр. Бұл оларды азаматтық құқықтық қатынастар мен сот процестерінде пайдалану мүмкіндігін ашады. 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?