Қазақстанның автожолдарында жаңа технология сынақтан өткізілуде

Қазақстанның автожолдарында жаңа технология сынақтан өткізілуде

Қазақстанның автожолдарында жаңа технология сынақтан өткізілуде. Ғалымдар оны кеңінен қолдануға ұсынбас бұрын республикалық маңызы бар трассалардың бірінде сынақ өткізбекші. Таңдау еліміздің оңтүстігіндегі «Күрті-Бұрылбайталға» түсті. Онда 200 метр ден бастап «жылы асфальт» деп аталатын жол сынақтан өтуде. Сарапшылардың айтуынша, бұл инновация суық ауа райында да жолдарды салуға және жөндеуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, қоспа дайындау кезеңдерінде энергия шығындарын едәуір қысқартуға, сондай-ақ шығарындылардың қоршаған ортаға әсерін азайтуға азайтады.

Адина Айнаева, Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ресми өкілі:

- Қазақстанда бірнеше климаттық аймақ бар, олардың кейбірінде қазан айында қар жауып, сәуірдің соңына дейін жатуы мүмкін. Бұл жолдарды салу мен жөндеу мерзімін айтарлықтай азайтады. Нормативтерге сәйкес қазір, егер біз «жылы асфальт» технологиясын қолдана отырып, 125-130 градус Цельсий температурасында асфальт төсейтін болсақ, яғни осы түрлендірілген қосындыларды пайдалана отырып, біз 90 градус температурада асфальт төсей аламыз, яғни оны ауа температурасы төмен болғанда  пайдалану тиімді болады. Бүгінде «жылы асфальт» өзінің барлық физикалық-механикалық қасиеттерін сақтайтыны зертханалық түрде дәлелденді.

Тек биыл ғана республикалық маңызы бар автожолдарда бірнеше отандық әзірлемелер сынақтан өткізілуде. Атап айтқанда бұл – жабындардың деформацияға төзімділігін арттыратын битум мен асфальтбетон модификаторы. Ол Цельсий бойынша 25 градусқа дейінгі температураны, сондай-ақ көктайғаққа қарсы реагентті, жол таңбалары үшін төзімділігі жақсартылған органикалық еритін бояуды және топыраққа арналған қоспаларды көтере алады. Олардың әрқайсысы екі жыл бойы сынақтан өтеді, содан кейін ғалымдар олардың тиімділігіне толық баға береді.

Әсел Күшенғалиева

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?