Мәскеуде Нұрғиса Тілендиевтің әндері шырқалды. «Геликон-опера» музыкалық театрында композитордың 100 жылдығына арналған кеш өтті. «Әлқисса» деп аталаған концертте ұлы сазгердің шығармаларын «Ақжауын» камералық оркестрі, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі ұсынды. Сондай-ақ, қазақстандық сахна жұлдыздары да дәулескер күйшінің шығармаларын орындады. Тек Ресей астанасы емес, өзге де өңірлерден арнайы келген қонақтар ұлттық өнердің құдіретіне тәнті болды. Күй қыранына арналған шаралар Ресейдің өзге де өңірлерінде жалғасады. Ал, Мәскеудегі концерт аясында Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың көрмесі ұсынылды.
Данияр Әлиев, Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:
- КСРО-ның және Қазақстанның халық әртісі, Ұлы композитор, дәулескер күйші Нұрғиса Тілендиевтің мерейтойы жалпы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойлану үстінде. Алматы облысы әкімдігі тарапынан осы уақыта дейін біраз мемлекеттерде өткіздік, Қытай, Қырғызстан. Енді тағы бір үлкен деңгейде өтуі Ресейдің астанасында Мәскеуде үлкен көлемде атап өткен жайымыз бар.тің әндері шырқалды. «Геликон-опера» музыкалық театрында композитордың 100 жылдығына арналған кеш өтті. «Әлқисса» деп аталаған концертте ұлы сазгердің шығармаларын «Ақжауын» камералық оркестрі, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі ұсынды. Сондай-ақ қазақстандық сахна жұлдыздары да дәулескер күйшінің шығармаларын орындады. Тек Ресей астанасы емес, өзге де өңірлерден арнайы келген қонақтар ұлттық өнердің құдіретіне тәнті болды. Күй қыранына арналған шаралар Ресейдің өзге де өңірлерінде жалғасады. Ал, Мәскеудегі концерт аясында Жамбыл Жабаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың көрмесі ұсынылды.
Данияр Әлиев, Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:
- КСРО-ның және Қазақстанның халық әртісі, Ұлы композитор, дәулескер күйші Нұрғиса
Тілендиевтің мерейтойы жалпы биыл ЮНЕСКО көлемінде тойлану үстінде. Алматы
облысы әкімдігі тарапынан осы уақыта дейін біраз мемлекеттерде өткіздік, Қытай,
Қырғызстан. Енді тағы бір үлкен деңгейде өтуі Ресейдің астанасында Мәскеуде
үлкен көлемде атап өткен жайымыз бар.

