Астанада бірқатар ірі халықаралық іс-шара өтеді

Астанада бірқатар ірі халықаралық іс-шара өтеді

Қазақстанда келесі апта ірі саяси оқиғаларға толы болмақ. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралар аңдатпасын жариялады. Осылайша, 20-23 сәуір күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайту перспективасы талқыланады.

Сондай-ақ 22-24 сәуірде Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді. БҰҰ аясында құрылған жаңа диалог алаңының мақсаты – Орталық Азияның орнықты дамуына ортақ көзқарас қалыптастыру, климаттық және экологиялық сын-қатерлерді еңсерудің бірлескен шешімін іздеу. Жиынға бірқатар мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

Бұдан бөлек, 22 сәуір күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшыларының кеңесі өтеді.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?