Әйгілі «Лило және стич» қазақша сөйлейді

Әйгілі «Лило және стич» қазақша сөйлейді

Әйгілі «Лило және Стич» қазақша сөйлейді. «Walt Disney» компаниясының анимациялық фильмі мемлекеттік тілге аударылды. Кішкентай қыз бен өзге планеталықтың қызықты оқиғалары баяндалатын туындының жаңа бөлімі мамырда прокатқа шығады. Ал желтоқсанда қазақстандықтарды тағы бір премьера күтіп тұр. Ғылыми-фантастикалық «Аватар» фильмінің үшінші бөлімі мемлекеттік тілдегі дубляжбен көрсетіледі. Бұл туралы Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы айтты. Сөзінше жыл соңына дейін 4 голливуд фильмі прокатқа қазақ тілінде шығады. Айта кетейік, әлемдік кинокомпаниялар картиналарын өз қаражаты есебінен аударады.

Рауан Кенжеханұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті:

- «Әлем бойынша көптеген жүздеген тілдер бар ғой. Сол жүздеген тіліне түгел аудармайды, жүздеген тілге. Дүниежүзінде осы студиялардың өз қаражатына ұйымдастырып, тізім бойынша аударылатын тілдің саны ары кетсе 30. Қазақ тілі өткен жылдан бері осындай таңдаулы, іріктеулі 30 тілдің ішіне кіріп отыр. Бізге бұл фильмдерге келетін көрермендердің санын енді, орыс тілмен салыстырғанда кемінде 20 пайызға жеткізу міндеті тұр».

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?