Қазақстанның Ұлттық архивінде ерекше көрме өтіп жатыр. Мұнда қазақ
жауынгерлерінің майдан шебінде жүріп жазған хаттары қойылған. Аса құнды
құжаттардың ішінде батыр Бауыржан Момышұлының майдангер-жазушы Мәлік
Ғабдуллинге жазған хатын, соғысқа қатысқан ақын-жазушы Мұзафар Әлімбаевтың
күнделігі мен өлеңдерін оқуға болады. Бұл сарғайған хаттарда ата-анаға сағыныш,
өмірге құштарлық пен ертеңге деген үміт сезімдері жазылған. Соғыс жылдардан сыр
шертетін бұл қолжазбалар бүгінгі ұрпаққа үнсіз аманат, - дейді мұрағат
мамандары. Сол себепті құнды жәдігерлерді ұзақ сақтау үшін ерекше күтім
жасалады.
Әсия Керімтаева, ҚР Ұлттық архиві жеке текті құжаттармен жұмыс жүргізу
бөлімінің басшысы:
- Иістері, терлері сіңген, қолдарымен ұстап, сонау бір сұрапыл соғысты
бастарынан кеше жүріп жазған сарғайған қағаздар бізде әлі күнге сақтаулы. Сол
құжаттарды болашақ ұрпаққа көрсетіп жеңістің қалай келгендігін насихаттаймыз.
Арнайы қоймаларда сақталады, арнайы режимде қорғалады, арнайы температура бар.

