Қазақстандық «Біз біргеміз» қоғамдық қоры жіберген 40 тонна гуманитарлық көмек Қырғызстанға жетті. Елдің Төтенше жағдай министрлігі әлеуметтік желідегі парақшаларында қазақ-қырғыз шекарасынан өткен жүк көліктерінің видеосын жариялады. Қоғамдық қор ұн, қант және өзге де аса қажетті азық-түлік тауарларын жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, 14 шілдеде Ош қаласы мен облысында алапат су тасқыны болып, 5 адам қаза тапты.