Қазақстанда жол саласы мамандарының цифрлы банкі құрылады

Қазақстанда жол саласы мамандарының цифрлы банкі құрылады

Елімізде жол саласы мамандарының цифрлы банкі құрылады. Бұл жөнінде еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Айтуларынша, ақпараттық жүйе ең алдымен салада білікті мамандардың тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Онда жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектері, сондай-ақ бүгінде жұмыс істеп жүрген инженерлер, шеберлер, жобалаушылар және жол құрылысының басқа да мамандары бойынша деректер енгізіледі. Базада мамандардың еңбек өтілі мен санаты туралы мәліметтер жинақталмақ. Олардың біліктіліктері туралы ақпарат та қолжетімді болады. Қазіргі уақытта Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты жүйенің прототипін жасап, авторлық құқық алды. Базаны толтыру 2023 жылы басталады деп жоспарлануда.