«Roza Baǵlanova. 100 JYL» монетасы айналымға шықты

Аса құнды әрі сирек кезігетін тиын жинауға әуес жандардың құлағына алтын сырға! Қазақстанда «Roza Baǵlanova. 100 jyl» коллекциялық монетасы айналымға шықты. Ол қазақ бұлбұлының 100 жылдық мерейтойына арнайы жасалған. Бет тұсына күміс көмей әншінің портреті басылған. Ал жиегіне көзі тірісінде аты аңызға айналған Роза Бағланованы кеңге танытқан «Ах, Самара-городок» әнінің ноталары түсірілген. Номиналдық құны 100 теңгелік тиындар өңін жоғалтпайтын, түрлі сыртқы құбылыстарға төзімді мельхиордан соғылған. Таралымы – 15 мың дана. Жыл соңына дейін тағы осы текті «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғайтын бірқатар мерейтойлық монета сатылымға шығады деп көзделген.

Алмат Басенов, ҚР Ұлттық банкінің бас дизайнері:

– Біріншісі, биыл Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығына орай Ұлттық банк мерейтойлық монеталардың екі түрін шығаруды жоспарлап отыр. Олардың бірі номиналдық құны 500 теңгелік күмістен құйылады. Сондай-ақ, Роза Бағлановаға арналған монетаның сапасы мен таралымына сай дәл сол үлгіде мельхиордан соғылады. Кейін «Ахмет Байтұрсыновқа» 150 жыл мерейтойлық монеталарын айналымға шығару жоспарланған. Олар да Мұхтар Әуезов монеталары сынды күмістен және мельхиордан соғылады.

 

 

Авторы: Жеңіс Ермұқанов