«Беймәлім Қазақстан» жобасының түсірілім тобы Семейге барды. Ұлы қазақ ақыны Абайдың туған жерінде еліміздің бірегей мекендері туралы деректі фильмнің алғашқы эпизоды түсіріледі. Экспедиция Шығыс Қазақстан облысында 8 күн болады және осы уақыт ішінде аймақ туралы барлық қажет ақпаратты жинайды деп жоспарланған. Жалпы алғанда түсірілім тобы шамамен 100 мың шақырымды еңсеріп, бірнеше ай ішінде бүкіл Қазақстанды аралайды.
Айта кетейік, деректі фильм қазақ, орыс және ағылшын тілінде дайындалады. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні жарыққа шығады.
Бақытжан Баяхметов, қала әкімі:
- Бұл – өсіп келе жатқан ұрпаққа үлкен тарихи маңызы бар құжат. Сондықтан бұл бастаманың өзі Семей қаласында, Шәкәрім мен Абай, Мұхтар Әуезовтің, көпшілік интеллигенцияның шыққан жерінен бастау алуы бәрімізді өте қатты қуантады.
Рафаэль Гасанов, жоба ұйымдастырушысы:
- Бұл жоба серіктестерімізбен бірге «Жастарға жол» қоғамдық қоры аясында жүзеге асырылуда. Негізгі міндет – елімізді көрсету. Екіншіден, тіпті біздің қазақстандықтар естімеген адамдармен кездесу. Бұл өте маңызды, ел үшін еңбек еткендерді білу керек.