Уимблдон турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина қазақстандық жанкүйерлеріне алғыс айтты. Еліміздің атын үлкен спортта әуелеткен теннисшіге бүгін II дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді. Жүздесу барысында Елена турнирдегі жеңісі үшін алатын жүлдесі есебінен жас спортшыларға қолдау білдіретінін жеткізді.
Елена Рыбакина, Қазақстанның бірінші ракеткасы:
– Әрине, осындай нәтижелерге қол жеткізгеніме өте қуаныштымын. Мұның барлығы Қазақстанның қолдауының арқасында. Менің ойымша, турнир ұйымдастырған немесе жас ойыншыларға грант тағайындаған дұрыс болады. Себебі мен мұнда зор қолдауға ие болдым. Енді жас буынның дамуына көмектесу менің кезегім.