Құрық портында паром станциясы және астық терминалы салынады

Құрық портында паром станциясы және астық терминалы салынады

Құрықта паромға дейінгі сұрыптау станциясы мен астық және майлы дақылдарды ауыстырып тиеу терминалын салу жоспарлануда. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, бұл нысандар  Иран мен Кавказ аймағы бағытында қуаттылықты арттырады. Қазір «Құрық» портында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы салынуда. Нәтижесінде желі арқылы ішкі және транзиттік жүктердің қосымша көлемін ауыстырып тиеу басталады. Сонымен қатар Ақтау теңіз сауда портында контейнерлік торап құру, іргелес акватория түбін тереңдету, мұнай айлақтарын қалпына келтіру және жүк тиеу жабдықтарының паркін жаңарту жоспарлануда.