Біздің еліміз бен аспан асты елі арасындағы сауда рекордтық деңгейге жетіп, 24 млрд доллардан асты. Қазақстандық өнімдердің Қытайға экспорты үштен бірінен астамға өсіп, америкалық валютада 13,2 млрд-ты құрады. Сонымен қатар елімізде қытай тауарларына да қажеттілік артып келді. Осыған сәйкес импорт 33,5%-ке өсіп, 11 млрд долларға тең келді. Республиканың сауда және интеграция министрлігінің келтірген деректеріне сәйкес Қазақстан Қытайға 1 млрд доллардан астам сомаға 135 қосымша тауар позициясы бойынша өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымын ұсынуға дайын.