Құрық порты арқылы 1 млн тоннадан астам жүк тиеліп, өткізілді. Бұл көрсеткішті жақын болашақта еселеу жоспарланып отыр. Ол үшін айлақта қосымша порттар мен жаңа астық терминалы салынып жатыр. Олардың қуаты жылына шамамен 1 млн тоннаға дейін жүк өткізуге қауқарлы болмақ. Жобаны биылдан қалмай іске қосу межеленген. Сонымен қатар, мұнда ірі теңіз көлік-логистикалық кластерін құруға мүмкіндік беретін кешенді жоспар әзірленген. Оның аясында теңіз түбін тереңдету жұмыстары басталып кетті. Осылайша, Құрықтың контейнер өткізу қарқыны артып, терминалдардың жұмысы өзгермек. Кеме тұрақтайтын айлақтың алаңын да кеңейтіп 220 гектарға дейін жеткізу қарастырылып отыр.
Айтқали Нұрмағамбетов, Құрық теңіз портының сектор бастығы:
-Қазір түбін тереңдету
жұмыстарын жүргізетін компания анықталды. Бұл осы саладағы көшбасшы. Аталған
жұмыстар маусым айында басталып, жұмыстар порттың барлық акваториясында
жүргізілетін болады. Бұл порт акваториясында қосымша бес айлақ құруға мүмкіндік
береді.