Биыл алғашқы жартыжылдықта
қазақстандық темір жол желісінде транзиттік жүк айналымы 40%-ке жуық артты. Оның ішінде контейнерлік тасымалдың үлесі басым. Шойын
жолмен жеткізілетін жүк ағыны 26% ұлғайған. Ұлттық теміржол операторының дерегінше,
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша жүк тасымалының 6 айдадағы өсімі
екі есеге жуықтап, бір млн 300 мың тоннаға жетті. Отандық астық экспорты
былтырдың қыркүйегінен 2023-ші жылдың маусымы аралығында 8 млн тоннаға, ал ұн өнімдері
2 млн тоннаға көбейген. Өзбекстан, Тәжікстан және Ауғанстан елдері отандық
өнімнің осы түрлерінің импортын арттырғаны байқалады. ҚТЖ-ның есебіне сәйкес,
өткен жылы компанияның экспорттық және транзиттік тасымалы қарқын алып, жүк
айналымы 245 млрд тонна-километрден асқан. Көмір, темір, мұнай өнімдері, астық,
химиялық заттар мен сода, тыңайтқыштар, түсті және Қара металдар, сондай-ақ
тамақ сынды негізгі өнім жеткізілімдерінің әлеуеті кеңейе түскен.