ҚСЗИ: Қазақстандықтардың 66% астамы 2024-ші жылды жақсы көңіл-күймен аяқтауда

ҚСЗИ: Қазақстандықтардың 66% астамы 2024-ші жылды жақсы көңіл-күймен аяқтауда

Қазақстандықтардың келешекке деген оң көзқарасы басым, халық ел ертеңіне сенеді. Азаматтардың 66% астамы 2024-ші жылды жақсы көңіл-күймен аяқтап жатқандарын алға тартады. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты жариялаған әлеуметтанулық сауалнама нәтижесі осындай. Сарапшылар елдің барлық өңірінен 8 мың адамнан жиналған жауаптарды саралады. Осылайша, респонденттер Қазақстан Президентінің жұмысын, елдің стратегиялық бағыт- бағдарын қолдайтыны анықталды. Көпшілігі өз елін біртұтас ұлт ретінде қабылдайды. Негізгі біріктіруші фактор төлқұжат деп біледі. Бұл  сауалнамаға қатысқан адамдардың 46% ойы. Одан кейін, ата-бабаларының ортақ тарихы, ортақ тіл ұйыстырады деп белгіленген. Сондай-ақ, отбасы ең басты құндылық деп танылған. Кейінгі кезекте жұмыс пен достары тұр. Жастар бос уақытын маңызды басымдық ретінде атап өткен. Сарапшылар бұның бәрі қоғамның дамуы мен нығаюына негіз болады деп санайды.

Салтанат Ермаханова, ҚСЗИ бөлім басшысы:


- Басым оң көңіл-күй негізінен жастарға тән деп айта аламын. Негізінен ол жылдың жақсы өтуіне сенім, жылдың жақсы болатынына сенім деген ең алдымен елдің әл-ауқатына қатысты. Оның жұмысының бар болуына қатысты, денсаулығының жақсы болуына байланысты. Осы сияқты мәліметтер жақсы болған сайын оптимистік көңіл күйдіңде жақсы екенін айтуға болады. Жалпы айтатын болсақ қазақстандықтардың көңіл-күйі жақсы, өздеріне және өздерінің отбасына қатысты биылғы жыл негізінен сәтті өткенін, келесі жылға қатысты да үміттерінің үлкен екендігін айтады.

Жеңіс Ермұқанов

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?