Түркістанда Қазақстан мен Өзбекстан аймақаралық ынтымақтастығының III форумы аясында 54 инвестициялық және коммерциялық келісімшартқа қол қойылды. Машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс материалдары, электр техникалық өнімдері, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту үшін 611 млн доллардан аса қаржы жұмсалмақ. Сонымен қатар жиын барысында қос тарап сауда-экономика, инвестиция, ауылшаруашылық, транзиттік-көлік, су-энергетика салаларындағы, өнеркәсіптік кооперация мен туризмдегі екіжақты ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелерін талқыға салды.
Айта кетейік, жыл басынан бері екі ел арасындағы тауарайналым көлемі 3 млрд долларға жеткен. 2022 жылы екіжақты тауар айналымын 5 миллиардқа, ал алдағы 5 жыл ішінде 10 млрд долларға дейін жеткізу міндеті қойылды.