Ватикан Рим папасының Қазақстанға сапары туралы хабарлады. Vatican News ақпараттық порталы Понтификтің елімізге сапарын «Бейбітшілік ғибадаты» деп атап, сенім білдірушілерден дұға тілеуге үндеді. Бүгін Италия астанасының әуежайында Рим папасы Францисктің ұшағы Қазақстан бағытында жолға шықты. Рим-католик шіркеуі басшысының әуе кемесі сағат 17:45-те елордаға келіп қонуы керек. Айта кетейік, Рим-католик шіркеуінің басшысы Франциск елімізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы шақыруымен келе жатыр. Понтифик мемлекеттік сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездесіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады.